05 маусым 2020
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлерін, сала ардагерлерін кәсіби мереке – эколог күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны сауықтыруға үлкен үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, өз істеріңізге беріле қызмет еткендеріңіздің нәтижесінде Семей сынақ полигонындағы радиациялық жағдайға қатысты аумақты ақпарат алынды. ССП аумағының 70% - дан астамы тексерілді, бұл 12800 шаршы км, 2 млн. астам далалық өлшеулер және 100 мыңнан астам зертханалық зерттеулер жүргізілді. Барлық маңызды радиоактивті ластану учаскелері анықталды.
Сіздердің жұмыс тәжірибелеріңіз, әзірленген бірегей зерттеу әдістері мен жаңа технологиялар ССП аумағында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да радиациялық қауіпті объектілерінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жылдар ішінде бұрынғы ИХМЗ радиациялық-қауіпті объектілерінің бір бөлігін жою, Тоқырау кентіндегі әскери арсенал өртінің салдарын жою, сондай-ақ Батыс Қазақстанда және Калачи кентінде радиациялық жағдайды зерттеу бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта сіздер Қаражыра және Қаражал пайдалы қазбалар кен орындарында радиациялық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп жүрсіздер. Бұл айтып шыққандарым институт жетістіктерінің толық тізімі емес.
Жақсы жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысымды білдіремін! Алдағы уақытта өмірлеріңіздің басты ісі – қызметтеріңізді осындай кәсіби шеберлікпен және ынта-жігермен жалғастыруларыңызға тілектеспін, сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін!
Эрлан Батырбеков,
бас директор
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024