04 тамыз 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығындағы КТМ токамагында вакуумдық камераның цилиндрлік бөлігімен (ернеушесі) қақпақтың ернемектік қосылыстары мен экваториалдық келте құбырларын дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Осылайша, плазманың анағұрлым жоғары параметрлерін алу үшін қажетті вакуумдық камераны сапалы тазартуды қамтамасыз ететін температураға дейін қыздырған кездегі оның бітеулігіне жағдайлар жасалды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін пайдаланудың жұмыс жағдайларында 190°C-қа дейін қыздырып, камераның бітеулігіне тексеру жүргізілді. 2019 жылы жүргізілген физикалық іске қосудың соңғы кезеңін жүргізу кезінде алынған дәнекерленген вакуумдық камера мен спектрлердің масс-спектрлеріне жүргізілген салыстырмалы талдау атмосферадан ағып кетуге сәйкес келетін газ құрамы бойынша төмендеудің байқалмайтындығын көрсетті. Вакуумдық камера 45°С температураға дейін салқындағаннан кейін ExTorr 200M масс-спектрометрін қолдана отырып, камераға гелийді үрлеу әдісімен ағуларды іздеу жүргізілді, ағулар анықталған жоқ.
Орындалған жұмыс физикалық іске қосуда қолданылған КТМ токамагының вакуумдық камерасының қыздыру температурасын 130°С-тан 190°С-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл плазма параметрлеріне оң әсер ететін вакуумдық жағдайлардың сапасын жақсартады.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024