16 қазан 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығына МАГАТЭ бас директорының орынбасары –Кепілдіктер департаментінің директоры Массимо Апаро бастаған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Бұрынғы Семей сынақ полигонының техникалық алаңдары мен ҚР Ұлттық ядролық орталығының ғылыми-зерттеу базасын аралағаннан кейін жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиналысты аша отырып, ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков Ұлттық ядролық орталықтың ядролық қарудың таралуына жол бермеуге бағытталған МАГАТЭ-мен көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап көрсетті. МАГАТЭ-нің қолдау көрсетуінің арқасында кәсіпорын негізінде ядролық қаруды таратпау, ядролық энергетиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды мемлекеттік міндеттер жүзеге асырылды. Мысалы, бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын радиоэкологиялық зерттеу жобасы, Ақтаудан БН-350 реакторының пайдаланылған отынын «Байкал-1» алаңына тасымалдау жөніндегі ең ірі бірегей жоба. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің ҚР ҰЯО реакторларын жаңғырту және төмен байытылған уран отынына ауыстыру жұмыстарын жүргізуде жан-жақты қолдау көрсетуі ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. МАГАТЭ-нің тікелей қатысуымен ИВГ.1М зерттеу реакторының ақпараттық-өлшеу жүйесі жаңғыртылды, ИВГ.1М реакторының ЖБУ-отынын Ресей Федерациясына әкету бойынша жәрдем көрсетілуде, сондай-ақ ИГР реакторының сәулеленген уран-графитті ЖБУ-отынын сұйылту мен кәдеге жаратудың бірегей технологиясын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсетілуде және т.б.
Өз кезегінде Массимо Апаро сапарды ұйымдастырғаны және бұрынғы Семей сынақ полигоны объектілерін аралау мүмкіндігі үшін Ұлттық ядролық орталыққа алғыс білдірді. МАГАТЭ бұрынғы ССП аумағын қауіпсіз күйге келтіру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалайды. Сондай-ақ ҚР ҰЯО зерттеу базасында атом энергетикасын дамыту, радиоэкология және басқарылатын термоядролық синтез технологиялары саласында жүргізілген жұмыстардың ғылыми-техникалық нәтижелері қонақтарға жақсы әсер қалдырды.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024