26 қараша 2020
Атом энергетикасын құруды жоспарлап отырған Азия өңірі елдері үшін дәріскер-нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы бөлігінің бірі болып табылатын FTC-тің ҚР Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО РМК) негізіндегі «Реакторлық технологиялар» оқу курсы (Follow-up Training Course “Reactor Engineering”) өз жұмысын аяқтады.
Курс ҚР ҰЯО РМК, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы персоналды даярлау жөніндегі келісім шеңберінде ұйымдастырылды. Ол алтыншы рет өткізіліп отыр.
Биылғы жылы курстың онлайн-форматта өтуіне байланысты кесте қайта қаралып, практикалық сабақтар мен техникалық турлар алынып тасталды. Бұл ретте сапа деңгейі сақталды.
Бұған дейін JAEA-да оқудан өткен ҚР ҰЯО РМК мамандарының үйлестіруші, нұсқаушы және дәріскер ретінде қатысуы есте қаларлық жағдай болды.
Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің дәріскері, доктор Хидео Харада қорытындылай келе, атом саласы үшін кадрлар даярлауды тұрақты дамытуды, әсіресе COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына байланысты шектеулер қойылған жағдайда қамтамасыз еткені үшін ҚР ҰЯО РМК-ға алғыс білдірді, сондай-ақ реакторлық технологиялар бойынша оқу курстарын өткізу деңгейінің артқанын атап көрсетті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024