25 желтоксан 2020
Бүгін, 2020 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Ұлттық ядролық орталығында (ҚР ҰЯО) бұрынғы Семей сынақ полигонының проблемаларын шынайы сипаттауға жəне үздік жарияланымға арналған конкурстың қорытындысы шығарылды.
Конкурс жыл бойы республикалық және өңірлік БАҚ-тың қатысуымен өтті.
ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков конкурс қорытындысы бойынша онлайн-іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде: «Пандемияға байланысты ахуалға қарамастан, журналистер тарапынан көрсетілген белсенді ақпараттық қолдаудың арқасында атом энергетикасы, ЖҚҚ-ны таратпау, сондай-ақ бұрынғы ССП проблемаларын шешу саласындағы барлық елеулі жетістіктер БАҚ-та жарияланды», - деп жемісті ынтымақтастық, қызықты және өзекті материалдары үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде журналистер ынтымақтастық, ашықтық және қызықты ақпараттық себептер үшін ҚР ҰЯО-ға алғыс білдірді.
Конкурс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықақылармен марапатталды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024