19 ақпан 2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының 47 қызметкері емтихандарды сәтті тапсырып, белгіленген үлгідегі сертификаттар алды. Бұл – «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» атты апталық курстардың қорытындысы.
Курстың негізі ҚР радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық база мәселелерін қамтитын дәрістік және практикалық сабақтарды; радиоактивтіліктің негізгі ұғымдары және иондаушы сәулелену түрлерін; радиометриялық және дозиметриялық аспаптарды, олардың техникалық сипаттамаларын және жұмыс принципін; радиологиялық авариялық жағдай кезіндегі қауіптілік түрлерін, ден қою аймақтары мен құралдарын ұйымдастыруды және алғашқы ден қоюды қорғауды, иондаушы сәулелену көздерінен (ИСК) қорғау қалыңдығын есептеуді қамтыды. Сондай-ақ жеке қорғаныс құралдары, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері және залалсыздандыру әдістері қарастырылды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024