01 наурыз 2021
2021 жылғы 27 ақпанда ИВГ.1М зерттеу реакторын конверсиялау жөніндегі жұмыстардың маңызды кезеңі аяқталды – жаңа төмен байытылған уран (ТБУ) отыны «Луч» ҒӨБ ФМУК-тен (Ресей Федерациясы) ҚР Ұлттық ядролық орталығының реактор алаңына жеткізілді.
Бағдарламаның бастапқы кезеңдерінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары Аргонн ұлттық зертханасымен, Айдахо ұлттық зертханасымен (АҚШ) және «Луч» ҒӨБ ФМУК-пен (Ресей) бірлесіп ИВГ.1М реакторының перспективалық ТБУ-отынының жұмысқа қабілеттілігін есептік-талдамалық және эксперименттік тексеру жұмыстарының тұтас кешенін орындады. Реактордың актив аймағының құрамындағы тәжірибелік пайдалану және екі пилоттық отын жинақтарын реактордан тыс материалтанулық зерттеулер нәтижелері олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, конверсиялау мақсаттары үшін жұмысқа қабілеттілігі мен жарамдылығын растады.
Жеткізілген отынды биылғы жылы реакторға толтыру және кейіннен физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңдері іске асырылғаннан кейін 2023 жылдан бастап жаңа актив аймағы бар ИВГ.1М реакторын пайдалануға кірісу жоспарлануда. Бұл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, сол сияқты халықаралық келісімшарттар бойынша да әлі бірнеше жыл эксперименттік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024