13 шілде 2021
08-09 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.А. Милютин және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің делегациясы ҚР Ұлттық ядролық орталығына сапармен келді. Министрлік делегациясының құрамында Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ж.С. Қасенов, АЭҚБК төрағасы А.М. Шаңғытбаев, мемлекеттік құпияларды сақтау басқармасының басшысы А.С. Шинабеков және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директорының БН-350 РҚ пайдаланудан шығару жөніндегі орынбасары Е. Ж. Есбергенов болды.
Делегация ҚР ҰЯО РМК эксперименттік базасына, бұрынғы Семей сынақ полигонының объектілеріне, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары 2020 жылы аяқталған «Тәжірибе алаңы» стратегиялық объектісіне барды.
Сапар барысында ҚР ҰЯО РМК-ның ағымдағы қызметі мен жетістіктері мәселелері, сондай-ақ кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024