28 шілде 2017
24-25 шілдеде Астана қаласында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясындағы ең ауқымды іскерлік оқиға «Болашақ энергиясы» форумының бесінші сериясы – Еуропалық одақтың энергетика күндері өтті. Іс-шараны Еуропалық комиссияның энергетика жөніндегі бас директораты және Қазақстандағы ЕО өкілдігі ұйымдастырды.
Форумның аясында «Термоядролық энергия: ғылыми қиялдан ғылыми фактіге дейін» тақырыбындағы панельдік сессия өтті, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығының, ЕО жетекші ғылыми мекемелерінің және Ресей Федерациясының мамандары басқарылатын термоядролық синтезді пайдалану перспективаларын талқылады.
Төтенше және Өкілетті Елші Траян Христеа бастаған Еуропалық одақ пен ИТЭР ұйымы делегациясының ҚР Ұлттық ядролық орталығына сапары сессияның логикалық жалғасы болды.
Таяудағы ITER халықаралық термоядролық энергия жөніндегі ұйымы мен ҚР Ұлттық ядролық орталығы арасындағы келісімге қол қою да осы сапарға себеп болды. Келісімге «Тұрақты даму энергетикасын қамтамасыз ету» министрлік конференциясы аясында 2017 жылғы маусымда қол қойылды. Бұл басқарылатын термоядролық синтезге қолдау көрсетуде технологияларды дамыту саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың маңызды қадамы болды.
Делегация ҚР ҰЯО мен ИТЭР арасындағы одан арғы ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс кездесулері, сондай-ақ басқарылатын термоядролық синтез бойынша Еуроатом-Қазақстан үкіметаралық келісімін үйлестіру өткізілген ҚР ҰЯО объектілеріне барып қайтты.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024