01 қыркүйек 2021
«Қазақстан – БҰҰ: Бейбітшілік жолындағы әріптестік» халықаралық конференциясының қатысушылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н. Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалысқа қосқан үлесін және көлемі бойынша әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартқан алғашқы ел ретіндегі Қазақстанның жетістіктерін талқылады.
Конференцияны ҚР СІМ және Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігімен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ұйымдастырды.
Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдік саяси қайраткерлер, ядролық қарусыздану саласындағы сарапшылар қауымдастығының, дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың өкілдері қатысты.
ҚР Ұлттық ядролық орталығын бас директор Эрлан Батырбеков таныстырды. Өз баяндамасында: «Қазақстанның тарихи таңдауы – әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Семей сынақ полигонының жабылуы жаһандық қауіпсіздік саласындағы еліміздің бұдан арғы стратегиясы мен жетекші рөлін айқындады», - деп атап көрсетті.
Конференция барысында Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлемге бетбұрыс: Елбасы бастамалары» атты ғылыми жинақтың (ағылшын тілінде) тұсаукесері өтті.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024