27 қыркүйек 2021
Атом саласының қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Біз Қазақстанның атом саласын ойдағыдай дамытуға өз үлесімізді қосатынымызды мақтан тұтамыз. Биыл да дәл солай.
Біздің жетістіктеріміздің арасында «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басқарылатын термоядролық синтез технологиялары, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы ғылыми-техникалық жобаларды табысты іске асыру бар. Біз Жапония, Франция, Ресей, АҚШ-тың жетекші халықаралық ұйымдарымен және басқалармен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргіземіз, соның ішінде екі зерттеу реакторы – ИВГ.1М мен ИГР-ді конверсиялау жөніндегі ең ауқымды жобалардың бірін орындаймыз.
Радиоэкология саласындағы тиімді жұмысымыздың жарқын мысалы Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай ССП-ның бүкіл аумағын кешенді тексеру болды. Бүгін біз оның радиоэкологиялық мәртебесі туралы барлығын білеміз деп нық сеніммен айта аламыз, бұл бізге полигон мен оған іргелес аумақтардың ядролық және радиациялық қауіпсіздігін одан әрі жақсартуға бағытталған жаңа міндеттерді алға қоюға мүмкіндік береді. Осы жаңа міндеттерді шешу үшін қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі деңгейінде «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң жобасы қаралуда. Заң осы мерейтойлық жылы қабылданады деп күтеміз.
Бұның барлығы еңбек етіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды білдіреді. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біздің мақсатымыз – кәсіпорынды одан әрі дамыту, жаңа биіктерге қол жеткізу.
Осы міндеттерді Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойды, онда Қазақстанда қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту қажеттігі атап өтілген, сондай-ақ «жасыл» сутегі өндірісі, тұтастай алғанда сутегі энергетикасы болашағы зор бағыт болып танылады. Осының бәрі алдымызда жаңа мүмкіндіктер мен жаңа перспективалар ашады және бізден одан да үлкен жауапкершілікті, ұйымшылдық пен кәсіпқойлықты талап етеді.
Әріптестер!
Атқарылған жұмыстар үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге жаңа табыстар, зор денсаулық және амандық тілеймін!
Эрлан Батырбеков,
Бас директор
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024