ҚР Ұлттық ядролық орталығында жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми ХХ конференция-конкурсының қорытындысы шығарылды


12 қазан 2021

ҚР Ұлттық ядролық орталығында жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының ХХ конференция-конкурсының қорытындысы шығарылды.

Конференция 2021 жылғы 06-08 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Ядролық физика институты және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің жас ғалымдары мен мамандарының қатысуымен онлайн форматта өткізілді.

Зерттеудің үш бағыты бойынша 30-дан астам іргелі, инженерлік-техникалық және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды.

Қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Самарханов Қуаныш, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің арнаішілік сынақтар зертханасының ғылыми қызметкері, «6Li (n, α)3H ядролық реакциясы өнімдерімен инертті газдар қоспаларын қоздыру кезіндегі тозаңдалған бөлшектер эмиссиясы» жұмысы үшін.

Екінші орын:

Мережко Михаил, Ядролық физика институтының ғылыми қызметкері, «Цифрлық кескіндерді корреляциялау әдісімен анықталған жоғары сәулеленген аустениттік болаттардағы пластикалық деформацияны локализациялау ерекшеліктері» жұмысы үшін.

Пономарева Татьяна, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің радиоэкологиясы тобының маманы, «ССП-ның радиоактивті ластанған аумағындағы «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі 137cs әрекетінің ерекшеліктері» жұмысы үшін.

Үшінші орын:

Бияхметова Дина, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің маманы, «Кәсіби сәулеленудің жоғары дозалары диапазонындағы адам тістері эмалінің электронды-парамагниттік резонансы» жұмысы үшін.

Жанболатов Олжас, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылу-физикалық және нейтронды-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының II санатты инженері, «Зерттеу реакторлары науқандарын есептеуге арналған құралдарды әзірлеу» жұмысы үшін.

Шульга Михаил, ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының АСАЖӨО І санатты инженер-геофизигі, «Атом саласы объектілері орналасқан аудандардағы инженерлік-геологиялық жағдайлар мен әлсіз байқалған геодинамикалық процестер мониторингі кезінде электрбарлауды қолдану» жұмысы үшін.

Жеңімпаздарға грамоталар мен дипломдар, сондай-ақ ақшалай сыйақы берілді.

награждение молодые ученые и специалисты Конференция-конкурс ИРБЭ ИАЭ Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК ИЯФ ИГИ НИОКР-2021 дипломы и грамоты