Сәулелендіру құрылғыларын реакторда сынау


08 қараша 2021

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен «Ғылыми-зерттеу және конструкторлық энерготехника институты» АҚ (Ресей Федерациясы) арасындағы шартқа сәйкес биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында ИГР ЗРК-ге БРЕСТ-ОД-300 реактор қондырғысының твэл макеттері бар 5 сәулелендіру құрылғысы жеткізілді. Қазіргі уақытта алғашқы реакторлық сынақтар өткізілді. Олар қалыпты пайдалану жағдайларынан ауытқыған кездегі АНУП отынындағы (аралас нитридтік уран-плутоний отыны) процестерді зерттеуге бағытталған. Бірлі-жарым твэлдер БРЕСТ реактор қондырғысының жобасына тән сценарийлермен қуат жиынтығы бойынша сынақтардан өткізіледі.

Мәлімет үшін. Қазіргі заманғы әлемдік атом энергетикасының ірі жобаларының бірі – шапшаң нейтрондардағы реакторлар негізінде ядролық отын циклін тұйықтау технологияларын пысықтауға бағытталған ресейлік «Серпіліс» (Прорыв) жобасы. Мамандардың пікірінше бұл технологиялар болашақтың атом энергетикасын дамыту, оның шикізаттық және экологиялық міндеттерін шешу үшін қажет.

«Серпіліс» жобасы шеңберінде Ресей Федерациясында қорғасын жылу тасымалдағышы бар БРЕСТ-ОД-300 шапшаң реакторын салу жоспарлануда. Мұндай реактор АНУП отынымен жұмыс істейтін болады.

атомная энергетика