30 қараша 2021
ҚР Ұлттық ядролық орталығында «Қазақстандық КТМ материалтану токамагындағы эксперименттік зерттеулерді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.
Биылғы жылы эксперименттік кампания іске асырылды, оның нәтижесінде КТМ токамагындағы плазмалық разрядтың ұзақтығы өткен жылмен салыстырғанда төрт есе (~150 кА плазмалық токпен 200 мс астам) артты.
Бұл 2023 жылдан кейін қол жеткізу жоспарланып отырған КТМ токамагын жобалық параметрлерге (плазма тогы – 750 кА, разряд уақыты – 5 секунд) шығару бойынша үлкен және күрделі жұмыстың кезекті кезеңін белгілеген өте маңызды жетістік.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024