Бұрынғы ССП алаңдарында қауіпсіздікті күшейту


21 желтоксан 2021

 

2021 жылы ҚР Ұлттық ядролық орталығы осыдан үш жыл бұрын басталған «Ақтамберді» алаңындағы қауіпсіздікті күшейту жобасын аяқтады.

Қорытындысы бойынша ядролық қызмет қалдықтары бар анықталған объектілерге рұқсатсыз кіруді толығымен болдырмайтын инженерлік тосқауылдардың қосымша элементтерін салу жұмыстары жүргізілді. Күзетілетін объектілерде қауіпсіздіктің үш деңгейлі жүйесі және қашықтықтан мониторингілеу жүйесі орнатылып, пайдалануға енгізілді.

Биылғы жылы таратпау режимін қолдау жұмыстарының жаңа үлкен кезеңі басталғанын атап өткен жөн. Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режиміне қауіп төндіретін объектілерді анықтау мақсатында бұрынғы Семей сынақ полигонының бірқатар объектілерінде – «Балапан» және «Сарыөзен» алаңдарында пилоттық зерттеулер жүргізілді. Бұл жұмыстарды 2022-2024 жылдары жалғастыру жоспарланып отыр. Олардың нәтижелері бойынша анықталған объектілерді қауіпсіз күйге келтіру жобалары әзірленетін болады.

 

 

РГП НЯЦ РК площадка «Балапан» площадка «Сары-Узень» обеспечение контроля за безопасностью плошадка "Актан-Берли" ОМУ