07 қыркүйек 2017
Қазақстан мен Чехия ұйымдарының арасындағы атом энергетикасын дамыту, радиоэкология , кадрлар даярлау саласындағы жинақталған тәжірибе аталған салалардағы ынтымақтастықтың жемісті болуы үшін негіз болады.
Техникалық кездесуде Чех компанияларының және ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары осы және басқа да көптеген мәселелерді талқылады.
«Біз өз қызметіміздің барлық бағыттары: атом энергетикасын дамыту, радиоэкология, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз», - деп атап өтті ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков.
Атом энергетикасын дамыту – пайдаланылған отынды сақтау тәсілдері мен әдістері бойынша тәжірибе алмасу. Тәжірибе екі елде де бар. Мысалы, Ақтау қаласындағы құрамында үлкен мөлшердегі жинақталған радиоактивтілік бар БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынының (ПЯО) болуына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан үшін маңызды мәселе болды. Аталған отынды ССП аумағына апатсыз тасымалдаудың және ұзақ уақыт сақтаудың орындылығы мен мүмкіндігі дәлелденді. БН-350 реакторының ПЯО-сын ұзақ уақыт сақтауға жеткізу үшін бір бірлігінің салмағы 140 тонна болатын жүкті игеруге мүмкіндік беретін қажетті әрі өте ерекше инфрақұрылым құрылды, олар: БН-350 ПЯО-сын уақытша сақтау қоймасы, тиеу пункті және ұзақ уақыт сақтау қоймасы. Қазіргі уақытта ПЯО салынған көліктік қаптама комплектілері МАГАТЭ-нің бақылауы мен кепілдігіндегі ұзақ уақыт сақтауға орналастырылған және қоршаған ортаға жағымсыз әсері жоқ.
Сондай-ақ радиоэкология саласындағы тәжірибе алмасу, оның ішінде уран өндірілетін жерлердегі тұрғындар мен персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселелер қаралды.
Кадр саясатын іске асыруда Чехия кәсіпорындарында ҚР ҰЯО мамандарын машықтандыруды, сондай-ақ ҚР ҰЯО зерттеу базаларында чех мамандарын машықтандыруды ұйымдастыру ұсынылды. Кадрлар даярлау – ҚР ҰЯО қызметінің маңызды стратегиялық бағыттарының бірі. Кадрлық база құру – негізгі міндет болып табылады, саланың ойдағыдай дамуы оны шешуге байланысты болмақ. Бұл міндетті шешу үшін Ұлттық ядролық орталық кадрлар даярлау мәселелері бойынша Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен және кәсіпорындарымен табысты ынтымақтастықты жүзеге асыруда.
Кездесуді қорытындылай келе, Чех делегациясының басшысы - «CZET – чехиялық энергия үнемдеуші технологиялар» консорциумының Басқарма төрағасы Зденек Збытек ынтымақтастықтың барлық белгіленген жолдары ҚР Энергетика вице-министрі Б.М.Жақсалиевтің төрағалық етуімен Астана қаласында өтетін кеңесте талқыланатынын атап өтті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024