Атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселесі бойынша


18 ақпан 2022

ҚР Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО РМК) бас директоры
Э.Ғ. Батырбеков және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры – басқарма төрағасы (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) Ж.К. Шаймарданов кадрларды даярлау мәселелері бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі университет делегациясының ҚР ҰЯО РМК-ға сапары кезінде жүзеге асырылды.

Кездесу барысында ҚР ҰЯО РМК мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қос тараптың ғылыми, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық әлеуетін пайдалана отырып, білікті кадрлар даярлау бойынша бірлескен қызметті ұйымдастыруға қатысты өзара қызығушылық танытты.

Атап айтқанда, халықаралық конференциялар мен семинарларды бірлесіп ұйымдастыру, ҚР ҰЯО РМК ғылыми қызметкерлерінің диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысуы, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми тағылымдамасын, студенттердің практикасын ұйымдастыру үшін ҚР ҰЯО РМК-ның ғылыми базасын ұсыну және т.б. бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша егжей-тегжейлі бірлескен жұмыс жоспары әзірленетін болады.

Меморандум