IPCO сериясындағы үшінші эксперимент


22 ақпан 2022

 

ҚР Ұлттық ядролық орталығында «Eagle-3» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде реактордан тыс IPCO-3 зерттеулер сериясының қорытынды, үшінші эксперименті сәтті орындалды. Бұл зерттеулер сериясының мақсаты –  қатты, бірақ әлі де жанып тұрған корий балқымасына сұйық натрий салқындатқышын бірнеше рет құйған кездегі оның салқындау сипаты туралы эксперименттік мәліметтер алу.

IPCO сериясындағы үшінші эксперимент алдыңғылардан температура датчигі мен вакуумдық желінің орналасуындағы өзгерістермен өзгешеленді.

Эксперимент барысында эксперименттік секция 1150°C температураға дейін қыздырылды, содан кейін төменнен 350°C температурада сұйық натрий берілді. Қыздырылған бетпен жанасқан соң сұйық натрий буланып, натрий деңгейін төмен қарай ығыстырды. Натрий буы салқындағаннан кейін олардың конденсациясы пайда болды және натрий деңгейі қайтадан көтерілді. Процесс эксперименттік секция натрийдің қайнау температурасынан төмен салқындағанға дейін бірнеше рет қайталанды.

Алынған эксперименттік мәліметтер шапшаң нейтронды реактордағы апаттың соңғы сатысында кориумның салқындау процестерін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Үш IPCO эксперименті бойынша алынған деректер натрий жылу тасығышының қайнау және конденсация процестерін компьютерлік модельдеуге арналған есептеу бағдарламаларын тексеруге мүмкіндік береді.

 

 

 

EAGLE ИАЭ РГП НЯЦ РК быстрые нейтроны компьютерное моделирование кориум внереакторные эксперименты натриевый теплоноситель IPCO-3 экспериментальные данные конденсация натриевого теплоносителя