ИВГ.1М реакторына алғашқы ТБУ-отыны жүктелді


01 сәуір 2022

2022 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінде төмен байытылған уран отыны (ТБУ) бар бірінші технологиялық арна ойдағыдай жүктелді.

Бұл оқиғаның алдында 2010 жылы басталған жұмыстардың үлкен кезеңі болып өтті, ол конверсиялауды жүргізу мүмкіндігін есептік-талдамалық негіздеуді, эксперименттік ТБУ-отынын сынауды, штаттық ТБУ-отынын дайындау мен жеткізуді қамтыды.

Жаңа актив аймақтың барлық қажетті сипаттамаларын эксперименттік анықтауды қамтитын реакторды физикалық және одан кейінгі энергетикалық іске қосу кезеңдері аяқталғаннан кейін жаңартылған ИВГ.1М реакторы пайдалануға беруге дайын болады.

Көрсетілген жұмыстарды орындау 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

реактор