01 маусым 2022
Ұлттық ядролық орталықтың 30 жылдығына – 30 жоба!
№ 29 жоба. 2020–2022 жж. Кәсіпорынның стратегиялық объектілерінің энергетикалық тәуелсіздігін және жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені.
Кәсіпорынның табысты дамуының негізгі факторларының бірі – энергетикалық тәуелсіздік. Ұлттық ядролық орталықта көптеген ғимараттар мен құрылыстар бар, оларды жылыту үшін жыл сайын 5 мың тоннадан астам тас көмір сатып алынады. Автомобиль паркі айтарлықтай кеңейтілді, жалпы отын шығыны жыл сайын 800 мың литрден асады. Барлығы үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, ал бұл үшін тұрақты қор болуы қажет.
Осыған байланысты кәсіпорынның стратегиялық объектілерінің энергетикалық тәуелсіздігі мен жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмірді ауыстырып тиеу алаңы мен отын құю пунктін салу туралы шешім қабылданды.
Көмірді ауыстырып тиеу алаңы.
Кәсіпорында көмірді ауыстырып тиеу алаңының болмауына байланысты оны қазандықтарға дейін автомобиль көлігімен немесе теміржол көлігімен басқа ұйымдардың алаңдарында ауыстырып тиеу арқылы жеткізу жүзеге асырылды. Екі нұсқа да өте қымбат болды. Осыған байланысты 2018 жылы объектіні Дегелең станциясындағы тиеу-түсіру алаңының темір жол тұйығына орналастыру туралы шешім қабылданды. Объект биіктетілген теміржолдан және екі бетон алаңнан тұрады. Осы алаңда бір мезгілде үсті ашық үш теміржол вагонынан жүк түсіруге болады. Ауыстырып тиеу алаңының жанында темірбетон тіректе 100 тонналық автомобиль таразысы орнатылған, бұл көмірді филиалдарға бөлу кезінде оның қажетті көлемінің есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
Жанармай құю пункті.
Соңғы жылдары жүзеге асырылған маңызды жобалардың бірі «Байкал» филиалының автокөлік шаруашылығы аумағында жанармай құю пункті мен отын сақтау қоймасын салу болды. Жанармай құю пунктінде тәулігіне 500 рет жанармай құюға болады. Жанармай құю пункті резервуарларының жалпы көлемі 150 м3 және отын қоймасының көлемі 350 м3 құрайды. Аталған жобаны жүзеге асыру 2020 жылы аяқталды, барлық жұмыстар ҚР ҰЯО-ның өз күшімен орындалды. Кәсіпорынның жеке автожанармай құю станциясы мен отын қоймасының болуы Курчатов қаласы жағдайында оның энергетикалық тәуелсіздігін күшейтіп, жанар-жағармай материалдарын сатып алу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, ал арнайы жабдықтар мен программалық жасақтамалар мұнай өнімдерін есепке алуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру көмір сатып алу бойынша қаржы шығынын 30%-ға қысқартуға және кәсіпорынның отынға деген қажеттілігін тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024