«Жас физик – 2022» жазғы мектебінің қорытындысы


17 маусым 2022

 

2022 жылғы 13-17 маусым аралығында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ негізінде «Жас физик – 2022» жазғы мектебі өткізілді.

Биылғы жылы оған Курчатов қаласының төрт мектебінен, Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен және Павлодар облысының жақын маңдағы елді мекендерінен 50-ден астам оқушы қатысты.

Жазғы мектеп бағдарламасында дәстүрлі түрде атом және термоядролық энергетика, радиоэкология және геофизика саласында дәріс және практикалық сабақтар қарастырылған. Дәрістік сабақтар барысында қатысушылар «радиация» ұғымымен және оның ашылу тарихымен, басқарылатын термоядролық синтездің теориялық негіздерімен, токамактардың жұмыс принциптерімен танысып, геофизик мамандығы әлеміне енді.

Практикалық сабақтар шеңберінде қатысушылар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ғылыми зертханаларына барып, радионуклидтік талдау үшін өсімдіктер мен жануарлардың сынамаларын дайындау, адам ағзасындағы радионуклидтерді анықтау және т. б. бойынша жабдықпен, әдістермен және жұмыс принциптерімен көрнекі түрде танысты. Ал Атом энергиясы институтында оқушылар үшін алғаш рет сутегі энергетикасы жөніндегі жаңа зертхана өз есігін ашты, онда балалар сутегіні өндіру және сақтау технологияларын әзірлеу бойынша озық ғылыми зерттеулердің атмосферасына еніп кетті.

Сондай-ақ, жазғы мектеп бағдарламасы шеңберінде Семей сынақ полигонының музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен «Жас физик – 2022» жазғы физика-математика мектебінде оқуды ойдағыдай аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

 

СИП Токамак награждение экскурсия ИРБЭ сертификат ИАЭ РГП НЯЦ РК АО «Парк ядерных технологий» Летняя школа Юный физик - 2022 практические и лекционные занятия