24 маусым 2022
2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ИГР зерттеу реакторы кешенінің базасында ID-7 реакторішілік эксперименті ойдағыдай жүргізілді.
Алынған бірегей эксперименттік деректер актив аймақ материалдарының балқуымен болатын ауыр авария туындаған жағдайда оның салдарын жеңілдетуге бағытталған болашақ перспективалық реакторлар конструкциясындағы техникалық шешімдерді негіздеу үшін пайдаланылатын болады.
Реакторлық іске қосу бағдарламасында айқындалған міндеттер толық көлемде орындалды, реактор кешенінің барлық жүйелері штаттық режимде жұмыс істеді.
Бұл оқиға Жапонияның атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің тапсырысы бойынша 1995 жылдан бастап ҚР Ұлттық ядролық орталығында іске асырылып жатқан көпжылдық халықаралық EAGLE зерттеу бағдарламасының маңызды кезеңінің аяқталуымен есте қалады.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024