Бұрынғы ССП учаскелерін зерттеу


15 тамыз 2022

 

     Қазақстан Республикасында атом электр энергиясын өндірудің толық технологиялық циклін ұйымдастыру үшін уран кенін өндіруден бастап радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) ұзақ уақыт сақтау объектілеріне дейін барлық жағдай жасалған. Бұл циклдің маңызды бөлігі РАҚ-ты тереңге көму пункттерін, сондай-ақ жерасты зерттеу зертханасын құру, ал жекелеген зерттеулердің мәні таңдап алынған тереңге көму пунктінде РАҚ-ты ұзақ уақытқа қауіпсіз көмуді растау болып табылады.

     Осыған байланысты бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында Ұлттық ядролық орталық мамандары геофизикалық және геологиялық жерүсті зерттеулерін жүргізді, қорытындысы бойынша жерасты зерттеу зертханасын салу және РАҚ көму үшін үш учаске: Ақбота-Шығыс, Қосшоқы және Гранитный учаскелері жарамды деп таңдап алынды. 

2022 жылдың тамыз айының соңында ҚР ҰЯО мамандары аталған учаскелерді тереңірек зерттеуге кіріседі. Осылайша бейбіт атомды қауіпсіз пайдалануға тағы бір үлес қосылатын болады.

СИП ИРБЭ РГП НЯЦ РК ИГИ ОЯТ и РАО мирный атом геологические исследования исследовательские лаборатории