ЖБУ-отынын шығару бағдарламасын іске асыру


14 қыркүйек 2022

 

Бас директор Эрлан Батырбеков бастаған Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының делегациясы Пльзень қаласында (Чехия) ЖБУ-отынын шығару бағдарламасын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы техникалық кеңеске қатысып, онда 15-тен астам елдің өкілдері зерттеу реакторларының ЖБУ-отынын шыққан еліне қайтару тәжірибесін талқылады.

Кеңес аясында ҚР ҰЯО делегациясы Айдахо ұлттық зертханасының (АҚШ) өкілдерімен кездесу өткізіп, ҚР ҰЯО зерттеу реакторларын конверсиялау жұмыстарының жағдайы, сондай-ақ ИГР реакторының, сол сияқты ИВГ.1М реакторының ЖБУ-отынымен одан әрі жұмыс істеу мәселелері қаралды.

международное сотрудничество ИВГ 1.M ИГР Чехия США РГП НЯЦ РК высокообогащенное (ВОУ) топливо Национальная лаборатория Айдахо