29 қыркүйек 2022
БҰҰ Қарусыздану жөніндегі стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келіп қайтты. Делегация құрамына шет елдің 24 өкілі мен БҰҰ-ның 2 үйлестірушісі кірді. Сапар барысында бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына, ССП тарихының экспозициялық залына, зертханаларға, қазақстандық КТМ материалтану токамагының стендтік кешеніне барып, қаланың көрікті жерлерімен танысты.
Анықтама: БҰҰ Қарусыздану бойынша стипендиаттар бағдарламасы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жас дипломаттарын даярлау және олардың әлеуетін арттыру мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1978 жылы ашылды. Бағдарлама ашылған уақыттан бастап БҰҰ Қарусыздану басқармасының Женева бөлімшесі 170 елден 1000-нан астам дипломатты дайындады. Қазақстандық дипломаттар бағдарламаға 2015, 2017 және 2021 жылдары қатысты.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024