Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы


07 қазан 2022

 

2022 жылғы 6 қазан күні ҚР ҰЯО РМК-да елдегі атом энергетикасын дамытуды қолдауға, сондай-ақ бірегей Токамак КТМ электрофизикалық қондырғысында басқарылатын термоядролық синтез саласындағы эксперименттік зерттеулерді қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын қарастыруға арналған Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті.

Аталған салалардағы ғылыми зерттеулер жаңа энергетикалық технологияларды дамыту үшін ғылыми-технологиялық негіз жасайды, онсыз болашақта энергетикалық тәуелсіздікті және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Жоспарланған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде неғұрлым өзекті қолданбалы ғылыми міндеттерді шешу жүзеге асырылады, оларды іске асыру саланың технологиялық дамуына серпін беріп, елдегі ғылыми біліктіліктердің артуын қамтамасыз етеді.

Отырыс барысында ғылыми дәрежеге ізденушілердің диссертациялық жұмыстарының материалдары тыңдалып, талқыланды.

 

 

НТС Токамак термоядерный синтез заседание РГП НЯЦ РК атомная энергетика