14 желтоксан 2016
Springer Nature 1842 жылдан бері келе жатқан әлемдегі ірі халықаралық ғылыми баспа болып табылады. Оның үстіне 2015 жылғы мамырда оның ұстанымы күшейтіліп, әйгілі екі компания – Palgrave Macmillan-ға тиесілі Nature баспа тобын (Nature and Scientific American) және Springer Science+Business Media-ны біріктіру жолымен Springer Nature компаниясы құрылды.
Springer Nature журналдар коллекциясына Springer және Nature баспаларының барлық журналдар жинағы кіреді:
- Springer журналының ағылшын тіліндегі 2500-ден астам атауы;
- Springer журналының неміс тіліндегі 200-ден астам атауы;
- Nature Partner journals, Nature Academic journals, Scientific American және Palgrave McMillan қоса алғанда Nature баспасының 134 журналы.
Бүгінгі күні Springer Nature Қазақстанның жарық көрген мақалалары мен кітаптарының саны бойынша № 1 баспа болып табылады. Мәселен, 2006 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан ғалымдары Springer-дің 403 журналында 2133 мақала жариялады. Осылайша, жыл сайын Қазақстан ғалымдары басылымның рейтингісі жоғары журналдарында 300-ден аса мақала жариялайды, бұл шет елде Қазақстанның жарық көретін барлық мақалаларының жалпы санының 15%-ын құрайды. Қазақстан ғалымдарының шетелде жариялайтын әрбір бесінші мақаласы Springer Nature журналдарында жарық көреді.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024