«Патриотизм дауысы» облыстық акциясына қатысу


22 қазан 2022

 

Ұлттық мереке –  Республика күні қарсаңында 21 қазан күні Ұлттық ядролық орталық Мемлекеттік Гимнді бір уақытта бірлесіп орындау бойынша «Патриотизм дауысы» облыстық акциясына қатысты. Патриоттық акцияға кәсіпорынның 200-ге жуық қызметкері қатысты.

Акцияға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген бас директор Эрлан Батырбеков еліміздің серпінді дамып келе жатқанын және де орнықты даму, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту қағидаттарын ұстанатынын, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы саясатына ғылыми-техникалық қолдау көрсету шеңберіндегі мәселелердің ойдағыдай шешілуіне ҚР ҰЯО-ның қосқан үлесін атап көрсетті.

 

 

поздравление торжественное собрание ИРБЭ ИАЭ Байкал РГП НЯЦ РК ИГИ День Республики областная акция "Патриотизм даусы"