22 қазан 2022
Құрметті әріптестер!
ҚР Ұлттық ядролық орталығы ұжымы атынан және өз атымнан баршаңызды Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздігіне алғашқы қадам жасалды.
Бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, әр адамның өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің символына айналды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан мықты мемлекет! Біздің басты мақсатымыз – елімізде бейбітшілік пен келісімді, әр шаңырақта әл-ауқат пен береке-бірлікті арттыру.
Әр үйге және әр отбасына мықты денсаулық, бақытты әрі жайлы өмір тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, гүлдене берсін!
Эрлан Батырбеков, Бас директор
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024