«Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» I Халықаралық жастар конференциясының жұмысына қатысу


09 қараша 2022

 

ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері Ресейдің Обнинск қаласындағы Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институтында өткен «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» атты I Халықаралық жастар конференциясының жұмысына қатысты.

Конференцияда ауыл шаруашылығындағы геномдық және геномнан кейінгі технологиялар; ауыл шаруашылығындағы генетикалық редакциялау және маркерлік-ассоциацияланған селекция; ауыл шаруашылығындағы радиобиологиялық зерттеулер; ауыл шаруашылығындағы радиациялық технологиялар; радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері сияқты 5 негізгі бағыт қарастырылды.

Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологияларды дамыту саласындағы теориялық және практикалық білімдерімен, тәжірибелерімен, жаңа әдістерімен, тәсілдерімен бөлісті.

ҚР ҰЯО Семей сынақ полигонының қоршаған орта объектілерінің тритиймен ластануын, полигонның әртүрлі сынақ алаңдарындағы тритий деңгейлерінің салыстырмалы сипаттамаларын зерттеу жөнінде баяндамалар ұсынды.

радиоэкология радионуклиды Генезис экосистем СИП международное сотрудничество ИРБЭ РГП НЯЦ РК Российская Федерация тритий радиоэкологические методы содержание трития в атмосферном воздухе международная конференция