01 желтоксан 2022
30 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Франция Республикасының Энергетикалық ауысу істері министрлігі арасында бейбіт атомды пайдалану саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі меморандумға; сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Францияның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі «ANDRA» ұлттық агенттігі арасындағы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы техникалық ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы атом энергетикасы қауіпсіздігі саласындағы бірегей жобаларды іске асыра отырып, ұзақ уақыт бойы Францияның атом саласы ұйымдарымен ынтымақтастық жүргізіп келеді. Бүгінгі меморандум екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі маңызды қадам болды.
Меморандумда айқындалған салада франциялық мамандармен бірлесіп жүргізілетін жұмыс Семей сынақ полигоны қызметінің нәтижесінде пайда болған радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз, бақыланатын жағдайда кәдеге жарату мен сақтауды қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал етеді.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024