12 желтоксан 2022
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Жапонияның Атом энергиясы агенттігі (JAEA) мамандарының қатысуымен қазақстандық-жапондық EAGLE-3 бірлескен зерттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде кезекті 18-ші техникалық кездесу өткізілді.
Бағдарлама натрий салқындатқышы бар шапшаң нейтрондардағы реакторлардың қауіпсіздігін негіздеу мәселелерін шешуге бағытталған.
Мамандар реактордан тыс FDCO-8 эксперименті және реакторішілік ID-6 эксперименті нәтижесінде алынған қатқан балқымаға жүргізілген материалтану зерттеулерін талқылады.
FDCO-8 эксперименті балқыманың модификацияланған натрий ағынының шығынын белгілеуші құрылғысы бар реттеу өзегінің бағыттаушы құбырымен жылжу параметрлері туралы мәліметтер алу мақсатында жүргізілді.
ID-6 эксперименті барысында төгу құбыры арқылы жылу тасығыштың шектеулі саны бар жерге жылжыған және қалдық энергия бөлу жағдайындағы актив аймақтың балқыған материалдарын салқындату процестері зерделенді.
Сондай-ақ ID-7 эксперименттік құрылғысын эксперименттерден кейін зерттеу жоспарлары, атап айтқанда, негізгі түйіндер мен элементтерді кесу схемасы және кейінгі материалтану зерттеулері сияқты мәселелер қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша жапондық тарап жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге жоғары баға берді.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024