12 желтоксан 2022
Вена қаласында (Австрия) ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Sellafield зертханасы (Ұлыбритания), Idaho және Oakridge ұлттық зертханалары (АҚШ) және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) мамандарының қатысуымен ИГР зерттеу реакторының отынын байытуды азайту және байытылған уран-графит отынын кәдеге жарату технологиясы бойынша консультациялық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ИГР реакторының жоғары байытылған отынын сұйылту технологиясын толық ауқымды сынау нәтижелері, сондай-ақ Advantech (АҚШ) компаниясында сұйылту учаскесін әзірлеу нәтижелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша технологияны енгізуге қатысты алдағы іс-қимылдар белгіленді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024