02 наурыз 2023
Ғылыми-консультативтік топтың алғашқы құрылтай кеңесі биылғы жылдың 1 наурызында болып өтті. Топтың негізгі мақсаты – Шартты ойдағыдай іске асыру үшін ғылыми-техникалық консультациялар ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Топтың құрамына Австрия, Бангладеш, Ирландия, Қазақстан, Кирибати, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Батыс және Оңтүстік Африка сияқты елдер кіреді.
Құрылтай кеңесінің күн тәртібінде топ мүшелерінің функциялары мен міндеттері талқыланып, топтың тиімді жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар және осы жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Топ жұмысының қорытынды нәтижесі қатысушы мемлекеттердің екінші кеңесіне және ядролық қаруға, ядролық қарудың тәуекелдері мен гуманитарлық салдарына, ядролық қарусыздануға қатысты істің жай-күйі мен даму барысы туралы шолу конференциясына баяндама ұсыну, сондай-ақ Шарт мақсаттарына қолдау көрсету үшін сарапшылар желісін құру мақсатында қатысушы елдердегі ғылыми-техникалық мекемелерді айқындап, жұмысқа тарту болмақ.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024