14 наурыз 2023
ЯСЖТШҰ «Б» жұмыс тобының 60-сессиясы басталды.
Бұл сессия пандемиядан кейін бірінші рет жеке қатысу форматында өткізіледі. Сонымен қатар аударманы қамтамасыз ете отырып, қашықтан қатысу мүмкіндігі де сақталған, бұл қатысатын сарапшылар санын едәуір көбейтіп, пікірталас сапасын арттырады. Осылайша, БЖТ сессияларының жұмысы әдеттегі қалпына оралды деп айтуға болады, бұл ҚР ҰЯО РМК бас директоры
Э.Ғ. Батырбековтің төраға ретіндегі негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
ЯСЖТШ-ға қатысушы мемлекеттер өкілдерінің сессияға жеке қатысуы неғұрлым нәтижелі талқылаулар жүргізуге, күрделі мәселелерді шешу жолдарын тиімді іздестіруге мүмкіндік береді. Сессия шеңберінде делегациялармен бірқатар екіжақты консультациялар жоспарланған, бұл алдағы істі тиянақтап, пікір алмасуға және туындаған мәселелерді жедел шешуге жақсы мүмкіндік болмақ.
Сессия ашылғанға дейін дәстүр бойынша Э. Батырбеков ЯСЖТШҰ-ның Атқарушы хатшысы Роберт Флойд мырзамен кездесті. Оған сессияны өткізуге толық әзірлік туралы хабарлап, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты. Сессия аясында бағыт басшыларының және сараптамалық топтардың қатысуымен кеңейтілген құрамда Атқарушы хатшымен тағы бір кездесу жоспарланған, онда БЖТ және ЯСЖТШҰ хатшылығының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024