26 мамыр 2023
Норвегия Корольдігінің Орталық Азия елдеріндегі елшісі Джон Микал Квистад мырзаның және Норвегия сейсмология орталығы (NORSAR) делегациясының Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына сапары аяқталды. Норвегиялық қонақтар Алматыдағы ҚР ҰЯО ГЗИ Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығын, Тәжірибе алаңын, «Байкал-1» ЗРК, зертханаларды, радионуклидтік мониторинг станциясын, Қазақстандық КТМ материалтану токамагының стендтік кешенін, Курчатов қаласында орналасқан Халықаралық мониторинг жүйесінің сейсмикалық тобын аралап қайтты.
Анықтама. ҚР Ұлттық ядролық орталығы NORSAR-мен бірлесіп ЯСЖТШ-ға қолдау көрсету мақсатында сейсмология және ядролық сынақтарға мониторинг жүргізу саласында бірқатар ғылыми жобаны іске асырды, оның ішінде ЯСЖТШ-ға қолдау көрсету мақсатында 2010 жылы Алматыда Қазақ ұлттық деректер орталығы негізінде Орталық Азия елдерінің ұлттық орталықтарының сейсмолог-мамандарын оқытуға арналған халықаралық оқу орталығы құрылды.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024