Жас ғалымдар мен мамандардың XXII ҒЗТКЖ конференция-конкурсы


06 маусым 2023

 

2023 жылғы 30 мамыр мен 01 маусым аралығында Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) жас ғалымдары мен мамандарының ХХІІ ҒЗТКЖ конференция-конкурсы болып өтті, оған ҚР ҰЯО, Ядролық физика институтының (Алматы) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Семей қаласы Шәкәрім университетінің мамандары қатысты.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары ғылыми мәселелер мен бағыттардың кең ауқымын қамтыды. Мысалы, атом энергетикасы, радиациялық материалтану объектілерінің қауіпсіздігі, атомдық және термоядролық энергетиканың жаңа материалдарын жасау, радиациялық мониторингтің, геофизикалық мониторингтің жаңа әдістемелерін әзірлеу, пайдалы қазбаларды іздеу және өндіру әдістерін жетілдіру және т.б. салалардағы жұмыстар ұсынылды.

Биологиялық цитогенетикалық дозиметрияның жаңа әдістемесін әзірлеуге, технологиялық ерітінділердегі радиоактивті компоненттерден жерде сирек кездесетін элементтерді бөлудің түбегейлі жаңа әдістеріне, сынақтарға дайындық кезінде актив аймақтың жылу және нейтрон өрісі өзгерген кезде реактордың сипаттамаларын ескеруге мүмкіндік беретін жаңа әдісті әзірлеуге байланысты конкурстық жұмыстар ерекше қызығушылық тудырды.

Жеңімпаздарды анықтау бес балдық жүйе бойынша жүргізіліп, бұл ретте жұмыстың өзектілігі, практикалық маңыздылығы, ғылыми және инженерлік деңгейі, нәтижелердің жаңалығы, жұмыстың аяқталу дәрежесі, конкурсқа қатысушының жеке үлесі, баяндау стилі және материалды меңгеру деңгейі ескерілді.

Қатысушылар және қазылар алқасының мүшелері жас ғалымдар мен мамандардың кәсібилігінің жоғары деңгейін, әртүрлі зерттеу әдістерін меңгергендігін атап өтті.

Қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.  

 

 

 

радиоэкология Курчатов термоядерный синтез молодые ученые и специалисты Конференция-конкурс сертификат РГП НЯЦ РК ИЯФ атомная энергетика геофизический мониторинг цитогенетическое и морфо-биологическое исследования дипломы и грамоты радиационная безопасность АО "Казатомпром" НАО Университет им. Шакарима НИОКР 2023