Қазақстандық физикалық қоғамның (ҚФҚ) үшінші жыл сайынғы жиналысы


14 маусым 2023

 

2023 жылы ҚФҚ-ның үшінші жиналысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында өтті.

Биыл қатысуға 47 ауызша және 15 стендтік баяндама тіркеліп, онда қазіргі заманғы физика мен физикалық технологиялардың әртүрлі салаларындағы соңғы жетістіктер, физика ғылымының өзекті бағыттарын одан әрі дамыту проблемалары мен перспективалары, атомдық энергетика саласындағы жетістіктер көрсетілді. ҚФҚ жиналысы Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) қолдауымен ұйымдастырылды.

Баяндамашылар арасында Қазақстан, АҚШ, Франция, Ресей, Жапония, Түркия, Польша және басқа да елдердің жетекші ғылыми ұйымдары мен мекемелері болды.

7-11 маусым аралығында пленарлық және секциялық отырыстар, физика ғылымдарының барлық тақырыптары бойынша постерлік секция өткізілді, сондай-ақ қатысушылар техникалық турлар шеңберінде Ұлттық ядролық орталық пен бұрынғы Семей сынақ полигонының бірегей объектілеріне барып қайтты.

Қорытындысы бойынша ұсынылған баяндамалардың жоғары деңгейі, таңдалған тақырыптардың өзектілігі, сондай-ақ ҚФҚ жиналысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі атап өтілді.

 

Мәлімет үшін. ҚФҚ-ның жыл сайынғы жиналысы физика және сабақтас ғылымдардың түрлі салаларында белсенді зерттеулер жүргізетін Қазақстан Республикасының ғалымдары арасында қарым-қатынас, алмасу және үйлестіру платформасын қамтамасыз етуге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

Ядерная физика СИП международное сотрудничество Курчатов ИРБЭ ИАЭ РГП НЯЦ РК атомная энергетика ИГИ Республика Казахстан МНТЦ собрание КФО стендовый доклад