15 маусым 2023
Физика-химиялық зерттеулер зертханасының бастығы Әсия Құндызбаева «Радиоактивті ластанудың әртүрлі қалыптасу жағдайларында Семей сынақ полигонының топырағындағы жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады.
Қорғау Обнинск қаласында (Ресей Федерациясы) Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты жанындағы диссертациялық кеңесте өтті.
Кандидаттық диссертацияны сәтті қорғауымен құттықтаймыз және кәсіби қызметте жаңа биіктерді бағындыруына тілектеспіз!
Анықтама. Әсия еңбек және ғылыми қызметін 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Химия» мамандығы бойынша магистратураны бітіргеннен кейін ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында бастады. Еңбек қызметінің басында біраз уақыт радиохимиялық зерттеулер зертханасында еңбек етіп, кейін топырақты зерделеумен терең айналыса бастады. Ғылыми қызметін бұрынғы Семей сынақ полигонының топырағындағы жасанды радионуклидтердің анықталу нысандарын зерттеу саласында жалғастырды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024