Сейсмикалық станцияларды бірлесіп пайдалану мәселесі туралы


10 тамыз 2023

 

Алматы қаласындағы Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығында (АСАЖӨО) ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Air Force Technical Applications Center (AFTAC, АҚШ) мамандарының кездесуі өткізіліп, Ақбұлақ және Қаратау сейсмикалық станциялары мен Мақаншы инфрадыбыстық станциясын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру, бірлескен ғылыми жобаларды іске қосу және AFTAC-та ҚР ҰЯО мамандарының тағылымдамасын ұйымдастыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді.

Анықтама. ҚР ҰЯО қарамағына 5 сейсмикалық топты, 8 үш компоненттік сейсмикалық станцияны, 3 инфрадыбыстық топты және магниттік станцияны қамтитын 17 объектіден тұратын геофизикалық бақылау желісі кіреді.

Сейсмикалық топтар мен станциялар, негізінен, Қазақстан аумағының периметрінде орналасқан. Станциялар өздері орналасқан жердегі сейсмогеологиялық жағдайдың сәтті таңдалуы, ұңғымаларға шу деңгейін төмендететін жабдықтардың орнатылуы, сондай-ақ үш компонентті және бір компонентті сейсмометрлерді кешендеудің арқасында жоғары сезімталдықпен ерекшеленеді. Жоғары технологиялық жабдықтарды орнату арқылы желінің орнықтылығы мен жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін үнемі техникалық қайта жарақтандыру жүргізіледі.

геоинформационные системы (ГИС) международное сотрудничество Стажировка США РГП НЯЦ РК ИГИ Республика Казахстан сейсмическая станция инфразвуковая сеть Маканчи сеть сейсмических станций AFTAC Акбулак Каратау