Атом саласының қызметкерлері күні құтты болсын!


29 қыркүйек 2023

 

Құрметті әріптестер!

 

Кәсіби мереке – Атом саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл мерекені атқарған жұмысымға деген мақтаныш сезіммен қарсы алып отырмыз.

Біз атом энергетикасының қауіпсіздігі, басқарылатын термоядролық синтез және сутегі энергетикасы технологияларын дамыту, таратпау, радиоэкология, геофизика саласындағы жетекші халықаралық ұйымдармен бірлесіп жобаларды іске асыруда маңызды нәтижелерге қол жеткіздік.

Биыл ИВГ.1М реакторын реактивтілік қорын 2 есеге арттыра отырып, төмен байытылған уран (ТБУ) отынына ауыстыру бойынша ауқымды жобаны аяқтадық. Бұл – Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимін нығайту ісіндегі кезекті жетістігі. Жобаның маңыздылығы МАГАТЭ Бас конференциясының 67-сессиясының аясында қол қойылған АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен мәлімдемесінде атап көрсетілді.

Жаңа күрделі міндеттерді дәйекті түрде іске асырамыз. Тағы бір реакторымыз – ИГР реакторын конверсиялау жұмыстарын аяқтау мақсатында сәулеленген жоғары байытылған уран отынын сұйылту және иммобилизациялау бойынша әлемде бірегей және жалғыз технологияны әзірледік және оған МАГАТЭ оң баға берді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтқан тапсырмаларының аясында бүгінгі күні атом саласының алдында кезекті ауқымды міндеттер тұр. Атомшылардың жоғары кәсіби деңгейі бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Бүгінгі мереке күні баршаңызға Қазақстан Республикасының игілігі үшін көзделген жоспарлардың ойдағыдай жүзеге асырылуына, жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін! Бастарыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

 

поздравление ИРБЭ День работников атомной отрасли ИАЭ Байкал Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК ИГИ