ҚР ҰЯО РМК және DTRA – ынтымақтастықты жалғастыру


03 қараша 2023

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту агенттігі арасында Бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП) аумағында қауіпсіздік пен орнықты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында функциялар мен міндеттерді бөлу туралы меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсімі Курчатов қаласында АҚШ Қорғаныс министрлігі Қауіп-қатерді азайту агенттігінің (DTRA) директоры Ребекка Кимбал Клаудман Хёрсман ҚР ҰЯО РМК-ға сапары аясында өткізілді.

Тараптар ССП аумағын қауіпсіз күйге келтіру, соның ішінде техникалық және физикалық қауіпсіздік шараларын енгізу бойынша зерттеулер, жұмыстар жүргізу, ядролық қызмет қалдықтарына (ЯҚҚ) рұқсатсыз қол жеткізудің және тиісті объектілерге рұқсатсыз кірудің алдын алуға бағытталған іс-шараларды орындау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымына бақылау жүргізу және т. б. бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Жобалардың бірі – қазіргі уақытта ҚР ҰЯО РМК негізінде салынып жатқан Авариялық-техникалық орталықты пайдалануға беру, оның мақсаты бұрынғы ССП аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ден қою, сондай-ақ DTRA-ның қаржылық қолдау көрсетуімен енгізілген қауіпсіздік жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі болып саналады.

Анықтама.

Биыл маңызды құжат – Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты негіздемелік келісімге қол қойылғанына 30 жыл толады.

  • осы Келісім Қазақстанда Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасын (Нанна-Лугара бағдарламасы) жүзеге асыруға жол ашып, Қазақстан мен АҚШ-тың жаппай қырып-жоятын қарудың таралуын болдырмау саласында бірлескен жұмыстар жүргізуінің басы болды.

30 жыл ішінде ҚР ҰЯО РМК DTRA-мен бірлесіп бұрынғы ССП қауіпсіздігін арттыруға және ЯҚҚ таралу қаупін азайтуға бағытталған бірегей жұмыстар жүргізді. Бірлескен жобаларға ядролық сынақтар жүргізу инфрақұрылымын жою, ядролық материалдардың, ядролық реакторлар мен қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ штаттан тыс жағдайларға ден қою және қауіпсіздік жүйелерінің инфрақұрылымын жетілдіру кіреді.

 

 

СИП Ядерная безопасность Курчатов США РГП НЯЦ РК DTRA Республика Казахстан Меморандум ликвидация инфраструктуры ОЯД 30 лет успешного сотрудничества