Комплаенс-офицердің қызметі


08 қараша 2023

 

ҚР Ұлттық ядролық орталығында кәсіпорын қызметкерлеріне комплаенс-офицер қызметінің құзыреті мен негізгі функцияларына қатысты мәселелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылып жатыр.

31 қазанда қаржы басқармасының қызметкерлері үшін семинар өткізілді, оның барысында комплаенс-офицердің негізгі функциялары түсіндірілді. Бұған қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету, кәсіпорында жұмысқа орналасу, мемлекеттік сатып алу және бизнес-процесс мәселелеріндегі мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау, контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеру, сондай-ақ кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу кіреді.

 

семинар РГП НЯЦ РК комплаенс-служба антикоррупционное законодательство РК противодействие коррупции разъяснительная работа