10 қараша 2023
Республикалық БАҚ-тың Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының объектілері бойынша баспасөз туры өткізілді. Ғылыми қызметкерлер кәсіпорын негізінде жүзеге асырылатын атом энергетикасы, термоядролық синтез, радиоэкология саласындағы маңызды жобалар туралы баяндады.
Қазіргі заманғы атом энергетикасының қауіпсіздік мәселесіне, атап айтқанда, ҚР ҰЯО-ның басты құзыреттерінің бірі – келешекте және қазіргі уақытта пайдаланылатын ядролық энергетикалық реакторлардың қауіпсіздігін арттыру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Кәсіпорын мұндай жұмыстарды атом-энергетикалық технологиялардың барлық дерлік әлемдік әзірлеушілерімен және өнім берушілерімен жүргізеді.
Суретте бұрынғы ССП аумағында орналасқан «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне барған кез.
16 қаңтар 2025
30 желтоксан 2024
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024