30 қараша 2023
Қытай тарапы елдегі атом энергетикасының ұзақ мерзімді дамуы туралы пайымдауын баяндады, ол натрий жылу тасығышы бар шапшаң нейтрондардағы реакторларды енгізу; олардың негізінде кешенді жүйелер құру және термоядролық энергетиканы дамыту сияқты кезеңдерді дәйекті іске асыруға негізделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының осы мәселелер бойынша дамыған эксперименттік базасы мен білімінің барын ескеретін болсақ, қазақстандық және қытайлық тараптардың әрбір кезең бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруда жақсы перспективалары бар.
Шапшаң нейтрондардағы реакторларға арналған отынның жаңа түрлерін сынау саласындағы ықтимал өзара іс-қимыл бағыттары, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу технологияларын әзірлеу мәселелері бойынша талқылаулар жүргізілді, басқарылатын термоядролық синтез технологияларын дамытуды қолдауда қазақстандық КТМ токамагын пайдалану тақырыбы қозғалды.
Қазақстандық мамандарға Атом энергиясы институтының зерттеу және эксперименттік реакторлық қондырғылар паркі көрсетілді, оған қытайлық шапшаң нейтронды эксперименттік реактор, жетілдірілген зерттеу реакторы, нейтрондар көзі – шағын реактор, бассейн түріндегі сумен салқындатылатын реактор, сондай-ақ аралас уран-плутоний отынымен жұмыс істеу учаскесі, аэрозоль бөлшектерді зерттеу бойынша эксперименттік қондырғы және жылу гидравлика саласындағы зертханалық зерттеу кешені кіреді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024