ҚР ҰЯО және CIAE: екіжақты қарым-қатынасты дамыту


05 желтоксан 2023

Қытай атом энергиясы институтының (CIAE) басшылығымен соңғы кездесуде ҚР ҰЯО делегациясының сапары қорытындыланды. Талқылау барысында тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жүргізу бойынша өз пайымдары мен ұсыныстарын айтты, екіжақты қарым-қатынас форматы мен оны дамытудың нақты қадамдары айқындалды.

Натрий технологиялары саласында жұмыс істейтін қазақстандық техникалық мамандардың Қытай атом энергиясы институтында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытайлық әріптестер әзірлеген жабдықтар мен детекторларды қазіргі уақытта ИГР реакторында жасалып жатқан тұзақты натрий тізбегін жарақтандыру үшін пайдалану мәселесі пысықталады, бұл ауыспалы және авариялық пайдалану режимдерінде шапшаң нейтрондардағы перспективалық реакторлар отынының жай-күйін модельдеу бөлігінде оның эксперименттік мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

ҚР ҰЯО базасында Қытай реакторларына арналған отынның жаңа түрлерін сынаудың перспективалық бағытын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да бағыттар бойынша бірлескен зерттеулерді талқылау жалғасады. Ол үшін келесі жылдың көктемінде ҚР ҰЯО негізінде қытайлық мамандардың қатысуымен ғылыми-техникалық семинар өткізіледі.

международное сотрудничество молодые ученые и специалисты Стажировка Казахстан РГП НЯЦ РК реактор реактор на быстрых нейтронах проектные аварии Китай КИР ИГР официальный визит научно-практический семинар CIAE