Кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!


23 қаңтар 2024

 

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының РБЗБ цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызы «Әскери радиоактивті заттар сыналған Семей полигоны алаңынан алынған Koeleria gracilis Pers және Stipa capillata L. популяцияларындағы цитогенетикалық әсерлер» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертация Обнинск қаласында (Ресей Федерациясы) «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ғылыми мекемесі жанындағы диссертациялық кеңес отырысында қорғалды.

Әріптесімізді кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістік, сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Анықтама. Минкенова Қырмызы Серікқызы еңбек жолын 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін бірден Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жануарлар мен өсімдіктерді радиобиологиялық зерттеу бөлімінде бастады. Жұмыстан қол үзбей «Биология» мамандығы бойынша Павлодар университетінің магистратурасын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдады. Негізгі жұмыстары Семей сынақ полигонында өсетін өсімдіктер популяциясының цитогенетикалық әсерін зерттеуге арналған.

 

 

поздравление ИРБЭ РГП НЯЦ РК биологическая дозиметрия цитогенетический анализ исследовательские лаборатории кандидатская диссертация защита диссертации