25 қаңтар 2024
ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2020-2023 жылдар аралығында «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасы шеңберінде NATO № SPS985684 «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалы биологиялық және физикалық дозиметрия саласындағы әлемдік жетекші ғылыми зерттеу орталықтарымен қатар білікті халықаралық серіктес ретінде бой көрсетті. Ғылыми грантты жүзеге асырудың барлық кезеңіне жобаға ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Лаура Кенжина жетекшілік етті.
Бұл жоба радиациялық, ядролық және төтенше жағдайларға дайындық және ден қою саласындағы ұлттық біліктілікті күшейтуге ықпал етті. Жоба аясында біздің мамандар жетекші биодозиметриялық зертханаларда тағылымдамадан және оқыту семинарларынан өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Бағдарлама барысында заманауи жабдықтар мен жоғары сапалы реагенттер сатып алынды, бұл елімізде цитогенетикалық зерттеулердің стандарттары мен тиімділігін арттырды. Гранттық жоба аясындағы 3 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде жоба нәтижелері әлемдік ғылыми алаңдарда, соның ішінде конференцияларда, симпозиумдар мен конгресстерде ұсынылды, сондай-ақ бұл Қазақстанның халықаралық ғылыми қоғамдастықтың белсенді қатысушысы ретінде қалыптасуына ықпал етті, мамандарымыздың білімі мен тәжірибесін кеңейтіп, кәсіби байланысын нығайтты.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024