23 ақпан 2024
Айдахо ұлттық зертханасында (INL), Ок-Ридж ұлттық зертханасында (ORNL) және AVANTech компаниясында жұмыс істейтін америкалық әріптестердің қатысуымен ҚР Ұлттық ядролық орталығында ИГР зерттеу реакторының сәулеленген жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын сұйылту және иммобилизациялау жөніндегі технологиялық желінің бір бөлігі болып саналатын қондырғыны құрастыру, теңшеу және тестілеу сәтті орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, осы реакторды конверсиялау шеңберінде ҚР ҰЯО реактордың сипаттамаларын сақтап қалу және одан әрі жақсарту мақсатында ТБУ-отынындағы жаңа актив аймақтың құрамы мен конфигурациясын оңтайландыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Кәсіпорынның эксперименттік базасында ИГР реакторының бірінші актив аймағының сәулеленген ЖБУ-отынын сұйылту және кәдеге жарату, сондай-ақ осы реактордың жаңа эксперименттік ТБУ-отынын өндіру тәсілдерін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы мақсатта ҚР ҰЯО құрғақ араластыру әдісімен ИГР реакторының ЖБУ-отынын сұйылту бойынша өз технологиясын әзірлеп, МАГАТЭ-нің оң сараптамалық қорытындысын алды.
Осылайша, бүгінгі таңда ҚР ҰЯО сәулеленген ЖБУ графит отынын сұйылту және иммобилизациялау технологиясының әлемдегі жалғыз әзірлеушісі және иесі болып саналады.
Қазіргі уақытта осы аптада өз жетістігін дәлелдеген технологиялық желі құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024