Әріптестерімізді жақсы жаңалықтарымен құттықтаймыз!


20 наурыз 2024

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы екі бірдей маманын құттықтайды!

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалдарды термоядролық реактор жағдайында сынау зертханасының бастығы Арман Миниязов философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Жылу мен плазманың вольфрамның карбидті беткі қабатының құрылымдық жай-күйі мен қасиеттеріне әсері» тақырыбы бойынша диссертациясын сәтті қорғады. Қорғау жұмысы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңес отырысында өткізілді.

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің бастығы Мадина Дүйсембаеваға 10500 – «Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының тиісті бұйрығы https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/614383?lang=ru сілтемесі бойынша жарияланды.

Әріптестерімізді жақсы жаңалықтарымен құттықтаймыз! Олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және жаңа жеңіс тілейміз!

 

 

поздравление молодые ученые и специалисты ИРБЭ ИАЭ РГП НЯЦ РК биологическая дозиметрия Комитет науки МОН РК карбид вольфрама доктор философии (PhD) НАО Университет им. Шакарима защита диссертации ассоциированный профессор (доцент)